Абу Ханифаның ең көрнекті шәкірттері

Аллаһ Тағала Өзінің қалауымен Абу Ханифаны, Аллаһ оны рахым етсін, ұлы шәкірттердің болуымен де құрметтеді. Имам олармен бірге фиқһ мәселелерін шешіп, оның негіздерін жасап шығаратын, ал бұл оған қателік жасауға таяу қалған сәттерінде оны жасаудан құтылуға мүмкіндік беретін.
Шейх Абд әл-Қадир әл-Қурашидің «әл-Жәуәхир әл-мудийя» атты кітабында келтірілген Йахйя бин Закарийя бин Абу Зәидтің өмірбаянында Әсад бин әл-Фураттың былай дегені келтіріледі: «Абу Ханифаның жазу жазатын ізбасарларының саны қырық адамға жететін, ал олардың ең танымал ондығының құрамына Абу Йусуф, Зуфар, Дауд әт-Та’и, Әсад бин Амр, Йусуф бин Халид әс-Самти және Йахйа бин Закарийя кіретін».
Шейх Ахмад әл-Мәкки әл-Хорезми ірі ғалымдардың санатынан болған имамның сөздерін жеткізушілердің саны жеті жүзге жеткен және олардың әрқайсысы мұсылмандардың шейхы саналған, бұл адамдардың барлығы жердің түкпір-түкпіріне имамның риуаят еткен сөздерін жеткізген.
Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, ең танымал шәкірттеріне мына ғалымдар жатады:
1. Абу Йусуф Йакуб ибн Ибраһим әл-Куфи (113-182). Аббасилердің халифасы Харун әр-Рашидтің билік құруы тұсында жоғарғы қады болған. Ханафи мәзһабының құрылуында және дамуында үлкен рөл атқарған.
2. Мухаммад ибн Хасан әш-Шәйбани (132-189). Уәситте туылған. Соңынан Куфада және Бағдадта өмір сүрді. Райда қайтыс болды. Абу Ханифадан және Абу Йусуфтан тәлім алды. Ирак мектебінің Абу Йусуфтан кейінгі ең көрнекті құқықтанушысы болды. Ханафи мәзһабының құрылуында және дамуында үлкен рөл атқарды. Оның кітаптары ханафи мәзһабындағы ең атақты кітаптардың (Захир әр-Риуаййа) бірі болып табылады.
3. Абу әл-Хузайл Зуфар ибн Хузайл ибн Каус әл-Куфи (110-158). Исфаханда туып, Бәсрада қайтыс болған. Құқықты жеткізуші болған, кейіннен құқықтанумен айналысқан. Абу Ханифаның қиястағы ең қабілетті оқушысы болған. Ханафи мәзһабының қалыптасуында үлкен рөл атқарған.
4. Хасан ибн Зияд әл-Лулу (х. 204 ж. қайтыс болған). Фиқһты Абу Ханифадан, кейін Абу Йусуфтан және Мухаммад әш-Шәйбаниден оқып үйренді. Сондай-ақ хадис жеткізуші болған. Өзінің ұстазы Абу Ханифаның дүниетанымын баяндап жазған. Алайда ханафи мәзһабындағы атақтылық дәрежесі бойынша оның кітаптары «Захир әр-Риуайяның» құрамына кірген Мухаммад әш-Шәйбанидің кітаптарынан қалады.