Имам Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, шейхтары

Сол кезден бастап Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, өзінің шейхы Хәммадқа қалмай ілесті, ал ол оны Абу Ханифа есте сақтауымен және жақсы тәрбиесімен өз құрдастарын және шейхтың үйірмесіне өзінен бұрынырақ қосылғандардан асып түскенше фиқһқа үйретті, осы себепті шейх оны өзіне жақындатты да, оны мәжілістің ортасына отырғызатын болды. Оның өз шейхына деген қатынасы таң қалдырады. Мысалы, ол шейхтың үйіне келетін және ол намазға немесе қандай да бір істермен шыққанынша оны есігінің алдында күтетін, ал ол шыққан соң Абу Ханифа оған сұрақтарын қойып, оның жанында жүретін. Шейх өзінің жұмыстарымен шыққан кезде, ол оған қызмет жасайтын, ал Абу Ханифа өз үйінде отырған кезде тіпті шейхының үйіне қарата аяғын созудан тартынатын. Абу Ханифа намаз оқығанда, ол Аллаһқа өзінің шейхы және оның ата-анасы үшін де дұға ететін.
Осы күйінде ол шейх Хәммадтың, Аллаһ оны рахым етсін, өліміне дейін он сегіз жыл жүрді, ал шейх дүниеден өткен соң оның шәкірттері шейх Хәммадтың орнын Абу Ханифа басады және әрі қарай олар білімді содан алады деген бірауызды шешімге келді, сөйтіп ол керемет сәлафтың ең жақсы мирасқоры болды.
Имам Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, шейхтары өте көп еді. Олардың кейбіреулері төменде аталған:
1. Ибраһим бин Мухаммад әл-Мунташир әл-Куфи.
2. Ибраһим бин Йазид ән-Нәха‘и әл-Куфи.
3. Исма‘ил бин Хәммад бин Абу Сулайман әл-Куфи.
4. Аййуб әс-Сихтийяни әл-Басри.
5. Абу Хинд әл-Харис бин Абд әр-Рахман әл-Хамадани әл-Куфи.
6. Раби‘а бин Абд әр-Рахман әл-Мәдани.
7. Салим бин Абдуллаһ бин Умар бин әл-Хаттаб.