Имамның салиқалығы және бұл дүниені тәрк етуі туралы

Әл-Мууаффақ әл-Фәйд бин Мухаммад әр-Раккидің былай деп айтқанын жеткізеді: “Куфаға жол жүріп бара жатып, Бағдадта болғанымда, мен сол жерде Абу Ханифамен кездестім. Ол маған: «Хәммадты (Абу Ханифаның баласы) тап та, оған менен: «Сен менің бір айда екі дирхамға сауиқ жейтінімді білесің және оны ұстап отырсың», — дегенімді жеткіз де, оны тездетіп жібер», — деді”.
Әл-Мууаффақ былай деген: «Бәлкім, бұл Абу Ханифаның оған халифа әл-Мәнсур (754-775 жж.) ұсынған қады лауазымынан табанды түрде бас тартқандығы үшін Бағдадта қамауда болған кезінде орын алған болуы мүмкін. Ол өзінің шын ықыласты салиқалылығының себебімен халифа оған жіберген ас-тағамдардан бас тартатын және өзіне Куфадан тамақ жіберуді сұрайтын».
Әл-Мууаффақ Абу Ханифа оны тауарлармен қамтамасыз ететін серіктесі болған Хафса бин Абд әр-Рахманның бірде Абу Ханифа оған тауар жібергендігі және жіберген киімдердің біреуінде кемшілік бар екендігін атап айтып, оны сатқан кезде сатып алушыларға көрсету қажет екендігін айтқаны туралы баяндап бергенін жеткізген. Хафс тауарды сатып жібереді, бірақ тауардың кемшіліктері туралы сатқан адамына айтуды ұмытады, ал бұл жөнінде Абу Ханифа білгенде, ол алынған ақшаның барлығын садақа етіп таратып жібереді, ал ол жерде отыз мың дирхам болады.
Шейх Мәнсур бин Шәйба былай деген: «Имамның, Аллаһ оған разы болсын, артықшылықтары туралы оның әкесі Сәбит қайтыс болғанда, ол оған, мал-мүлікті санамағанда, тастап кеткен екі жүз мың дирхамның барлығын білім іздеуге және өзінің шәкірттеріне жұмсағаны, ал өзінің тамағына күніне екі-ақ дирхам жұмсайтыны айғақ болады».
Шейх Мәнсур бин Шәйба Сәһл бин Музахимнің былай деп айтқанын жеткізеді: «Біз Абу Ханифаға жиі келіп тұратынбыз, бірақ оның үйінде қамыстан жасалған өрме төсеніштен басқа еш нәрсе көрмейтінбіз».