Абу Ханифаның иман туралы айтқан сөздері

1. Абу Ханифа былай деген: «Иман – бұл (иман куәлігін тілмен) бекіту және (жүрекпен) растау». Қз.: «әл-Фиқһ әл-Әкбар», 304.
2. Абу Ханифа былай деген: «Иман бұл тілмен бекіту және жүрекпен растау (жәнан). Тілмен бекітудің өзі ғана иман болмайды». Қз.: «Китаб әл-Уәсыййя» шархымен, әт-Тахауи бұл сөзді Абу Ханифадан және оның екі шәкіртінен жеткізген; «әл-Ақида әт-Тахауиййя» шархымен, 360.
3. Абу Ханифа былай деген: «Иман көбеймейді де, азаймайды да». Қз.: «Китаб әл-Уәсыййя» шархымен, 3.

Шейх Абдуррахман әл-Хумаййис былай деп айтады: «Имам Абу Ханифаның: «Иман көбеймейді де, азаймайды да», — деп айтқаны оның иманға берген жүрекпен растау және тілмен айту анықтамасымен байланысты. Ал иманды амалдармен растауды ол иманның мәнінің анықтамасына енгізбеді. Абу Ханифаның бұл пікірі оның иманға қатысты көзқарастарын басқа имамдардың: Мәликтің, әш-Шәфи’идің, Ахмадтың, Исхақтың, әл-Бухаридің т.б. — көзқарастарынан ерекшелейді. Ал бұл мәселедегі ақиқат солардың жағында. Абу Ханифаның бұл сөзіне келер болсақ, ол ақиқаттан алыс, алайда қалай болғанда да ол (мужтаһид ретінде) Аллаһтан сый алады. Сонымен бірге Ибн Абд әл-Бәрр және Ибн Абу әл-Изз Абу Ханифа кейінірек өзінің пікірінен бас тартқандығын байқауға болатын деректерді жеткізеді. Ал Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі». Ибн Абд әл-Бәрр «әт-Тәмхид» (9/247); «Шарх әл-Ақида әт-Тахауийя», 395» «Вероубеждение четырех имамов» кітабын қараңыз (1).

Ескертпелер:

  1. Әһлю әс-Сунна уәл-Жәма’а ғалымдары Абу Ханифаны, Аллаһ оны рахым етсін, және осы мәселеде оның пікірлестері болғандарды фәқиһ-муржилерге – муржилердің бір тобына жатқызған.
    Муржилер – бұл ертедегі адасқан секталардың бірі. Олардың әһлю-Суннадан негізгі айырмашылығы — иман мәселесіндегі келіспеушіліктері. Муржилер өз атауын «артта қалдыру» деген мағынаны білдіретін «иржа» сөзінен алған, яғни амалдарды иманның артында қалдырғандар. Қз.: «әл-Милал уә-ннихал» 1/136, «Мәқалат әл-исламиин» 1/212.
    Сүннетте бұл секта туралы ешқандай сахих дерек жоқ. Алайда шейх әл-Әлбани муржилер туралы айтылған бір хадистің сахихтығын күшейткен. Әнастан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің үмметімнен болған екі санаттағы адамдар менің су айдыныма жақындатылмайды және Жәннатқа кірмейді! Олар – қадарилер мен муржилер!», — деген. Әт-Табарани «әл-Әусат» 1/253. Хасан хадис. Қз.: “әс-Силсила әс-сахиха” 2748.
    Муржилер үш негізгі топқа бөлініп кеткен:
    “Бірінші тобы: «Иман – бұл тек қана жүректегі нәрсе (яғни нық сенім)», — деушілер. Оларды сондай-ақ жәхмилер деп те атайды.
    Екінші тобы – иман тек тілде деп айтушылар. Және бұл анықтама кәрамилерден өзге ешкімнен келмеген.
    Үшінші тобы – «Иманға — жүректегі сенім және тілмен айту қатысты, ал амалдар иманның құрамдас бөлігіне кірмейді, және ол көбеймейді де, азаймайды да!», — деп айтушылар. Және бұлар – ғалымдар оларды фәқиһ-муржилер деп атайтындар, ғалымдар олардың қатарына Абу Ханифа мен оның пікірлестерін де жатқызған”.
    Муржилердің осындай анықтамасын шейхул-Ислам Ибн Таймия өзінің «әл-Иман» кітабында (184), имам Абул-Хасан әл-А’шари «Мәқалат әл-исламиин» енбегінде (1/213) және имам әш-Шәхристани «әл-Милал уә-ннихал» кітабында (1/139) берген.
    Алғашқы екі топ – жәхмилер мен карамилер – шекке шыққан муржилер деп аталатындар (ғулату муржия).
    Үшінші топқа келер болсақ, оларды орташыл муржилер деп атайды. Мұның үстіне, шейхул-Ислам Ибн Таймия олармен айырмашылық тілдік сипатта ғана, өйткені олар адам күнә жасағаны және парыздарды қалдырғаны үшін жазаланбайды демейді, және олар — Әһлю-Суннадан деген. Ол былай деп жазған: “Егер адам: «Амалдарды тастаушы — айыпталуға және жазалануға лайықты», — деп ұғынса, онда бұдан кейін бұл мәселеге қатысты келіспеушіліктердің мәні жоқ. Керісінше, бұл келіспеушілік – (тек) тілдік тұрғыда болады, дегенмен, олар (фақиһ-муржилер) бұл анықтамада қателесетіні және Құран мен Сүннетке қайшы келетіні — кумәнсіз!” Қз.: “Мәжму’ул-фәтауа” 7/181.
    Сондай-ақ шейхул-Ислам былай деді: “Әһлю-Сунна ішіндегі («Амалдар иманның бөлігі болып табылады ма?» деген) бұл мәселеге байланысты айтысулардың басым бөлігі – тілдік тұрғыдағы келіспеушіліктер. Өйткені, «Иман – бұл амалсыз сөздер», — дейтіндер — фақиһтер, ал бұл – Хәммад ибн Аби Сулайман, әрі ол осылай деп айтқандардың алғашқысы болды. Сондай-ақ Куфалық фәқиһтер және оларға ілескендер, басқа қалған имамдар сияқты, күнә жасаушылар айыпталуға және жазалауға лайықтылардың қатарына кіреді деп есептейді! «Олардың (күна жасаушылардың) иманы Жәбірейіл періштенің иманындай кемел», — деп айтуына қарамастан, олардың барлығы әһлю-Сунна уәл жәма`а бұл жөнінде: «Амалсыз немесе күнә істеумен бірге болған иман жазалауға әкеледі», — деп айтатын тұжырымға нық сенеді!” “Мәжму’ул-фәтауа” 7/297.
    Яғни имам Абу Ханифа және оның пікірлестері амалдарды иманның құрамдас бөлігіне қоспағандығына және иман көбеймейді және азаймайды деп айтуына қарамастан, күнәлар жазалаларға және қауіп-қатерлерге әкеп соқтырады дегенді мойындаған.
    Істің түйіні олардың «Азаятын иман емес, өйткені иманның азаюы күмәнға нұсқайды, ал имандағы күмән – бұл үлкен күпірлік!», — деп айтуында болып тұр. Қз.: «әл-Бәзазия» 4/112, «әл-Бәхру-рраиқ» 2/46, 3/103, «Әлфаз әл-куфр» 51.
    Алайда фақиһ-муржилер Әһлю-Суннаға жататынына қарамастан, көптеген ғалымдар айтқандай, олармен айырмашылық тек тілдік сипатта ғана емес. Имам Ахмад былай дейтін: «Жәрир ибн Абдуллаһ Исламды қабылдаған соңғы сахабалардан еді және ол: «Мен Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) изгі пиғылды болуға ант берген едім!», — деген. Ал қалайша сонда ізгі пейілділік және ұялу иманнан болады да, ал намаз бен ораза иманнан болмайды?!» Әл-Хәллал «әс-Сунна» 1021.