Имам Абу Ханифаның сахабалар туралы айтқан сөздері

1. Абу Ханифа былай деген: «Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары туралы біз тек жақсы нәрсе айтамыз». Қз.: «әл-Фиқһ әл-Әкбар», 304.
2. Абу Ханифа былай деген: «Біз Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде-бір сахабасынан бас тартпаймыз және оның бірде-біреуіне басқасына қарағанда артығырақ достастық танытпаймыз». Қз.: «әл-Фиқһ әл-Әбсат», 40.
3. Абу Ханифа былай деген: «Олардың кез келгенінің Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір сағат болса да бірге болуы біздің әрқайсымыздың өмір бойы игі амалдар істеуімізден жақсырақ, тіпті ол (өмір) ұзақ болса да». Имам Ахмад әл-Мәкки «Мәнақиб Аби Ханифа», 76.
4. Абу Ханифа былай деген: «Біз: «Пайғамбарымыз Мухаммадтан кейін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл үмметтің ең игі адамдары Абу Бәкр әс-Сыддық, кейін Умар, кейін Усман, ал кейін Али, Аллаһ олардың барлығына разы болсын, болып табылады», — деп айтамыз». Қз.: «Китаб әл-Уәсыййя» шархымен, 14.
5. Абу Ханифа былай деген: «Аллаһтың Елшісінен кейін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең игі адамдар Абу Бәкр, Умар, Усман және Али болып табылады, ал Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзге барлық сахабалары туралы біз тек ең жақсы сөз айтамыз». Қз.: «ән-Нур әл-Ләми» (каф, 119 – ба).