Ханафи ғалымдары таухид (бірқұдайшылық) туралы

Ханафи мазхабының ең ұлы имамдарының бірі — имам Ибн Абиль-‘Изз әл-Ханафи (792 х/ж) былай деген: «Құранның сүрелерінің басым бөлігі бірқұдайшылық түрлерінің мәні туралы айтады, бұдан қалса, бұл туралы оның барлық сүрелері айтады.

Ардақты Құран не Аллаһ туралы, яғни Оның Есімдері, Сипаттары және Іс-Әрекеттері жайында баяндайды, ал бұл Аллаһ Тағаланы танудағы бірқұдайшылық болып табылады, не Аллаһқа ешкімді (ешнәрсені) серік қоспаған күйде бір Оған ғана құлшылық етуге және Одан басқа кімге (неге) болса да құлшылық қылудан аулақ болуға шақырады. Ал бұл — құлшылықтағы бірқұдайшылық. Немесе Құран игі істер туралы баяндап, жаман істерге тыйым салады, және бұл – бірқұдайшылықтың хақысы және көркі. Немесе Құран бірқұдайшылдардың көретін игі сыйы мен Аллаһ Тағаланың қалайша оларды бұл дүниеде де, Ақыретте де игіліктерге бөлегендігі туралы хабарлайды, ал бұл – бірқұдайшылық үшін берілетін сый туралы баяндау. Немесе ол бізге көпқұдайшылдар және олар бұл дүниеде және Ақыретте қандай жазаларды тартатындығы туралы баяндайды, ал бұл, өз кезегінде, — бірқұдайшылықты ұстанудан бас тартатындар туралы баяндаулар. Сөйтіп, Құран түгелімен бірқұдайшылық, оның хақылары және ол үшін берілетін сый, немесе көпқұдайшылық, көпқұдайшылдар және олардың жазасы туралы айтады». Қз.: «Шарх ақида әт-Тахауия», 31-бет.
Ханафи имамы әл-Хужанди былай деген: «Аллаһ Тағаланың осы жерлерде (Қеңес Одағы мұсылмандарына тиісті жерлерде) құдайсыз коммунизмнің жеңіске жетуіне жол беруінің себебі оларда көпқұдайшылық және қабірлерге сыйыну кең таралғандығында еді». Қз.: «Хукму-Ллаһи әл-Ахад әс-Самад» (30-31).
Имам Ибн Абиль-’Изз (792 х/ж) және имам ‘Али әл-Қари (1014 х/ж). Олардың екеуі де: «Алдыңғы ізгі ұрпақ өкілдерінің (саляфтардың) барлығы әрбір адамның ең бірінші және ең соңғы міндеті – бұл бірқұдайшылық екеніне бірауызды келіскен». Қз.: «Шарх ақида әт-Тахауия» 17-бет және «Минах әл-Азхар» 17-бет.