Ақида

Имам Абу Ханифаның бірқұдайшылық (таухид) туралы айтқан сөздері

Біріншісі: Имам Абу Ханифаның Бірқұдайшылыққа (Таухид) қатысты ақидасы, Аллаһқа жақындаудың шариғи тәсілін (әт-тәуассул әш-шәриғи) және Аллаһқа жақындаудың дінбұзар тәсілін (әт-тәуассул әл-бидғи) түсіндіруі:

1. Абу Ханифа былай деген: «Кім Аллаһқа дұға етсе, Оған тек Оның Өзі арқылы ғана жалбарынуы қажет. Рұқсат етілген және олар арқылы (Аллаһқа жалбарыну) бұйырылған дұғалар туралы Аллаһ Тағаланың мына сөздерінде айтылады: «Ең жақсы есімдер Аллаһқа тән. Сондықтан оған сол есімдер арқылы жалбарыныңдар. Оның есімдерінде қатысты ақиқаттан бас тартатындарды қойып-қойыңдар. Олар істегендерінің сазайын тартады» («әл-Әғраф» сүресі, 180-аят)». Қз.: «әд-Дурр әл-Мухтар», 6/396-397.
2. Абу Ханифа былай деген: «Аллаһқа дұға етуші: «Мен Сенен пәленге тиісті болған нәрсе үшін сұраймын», — немесе, — «Мен Сенен елшілерің мен пайғамбарларыңа тиісті нәрсе үшін сұраймын», — немесе, — «Мен Сенен Сенің Қорықты Үйіңе (әл-Бәйт әл-Харам) және Қорықты Мекеніңе (әл-Маш’ар әл-Харам) тиісті нәрсе үшін сұраймын“, — деп айтатынның сөздері нендей жиіркенішті». Қз.: «Шарх әл-Ақида әт-Тахауийя», 234; «Итхаф әс-Сада әл-Муттақин», 2/285; әл-Қаридің «әл-Фиқһ әл-Әкбарға» шархы, 198. Подробнее

Ханафи ғалымдары «Лә иляһә иллә-Ллаһ» куәлігінің мағынасы туралы

«Лә иләһә иллә-Ллаһ» куәлігі – «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім (ешбір құдай) жоқ» дегенді білдіреді. Аллаһ Тағала былай деді: «Біл, Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ…» (Мухаммад, 19).
Аллаһ сондай-ақ былай деді: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Ол тірі, толық Меңгеруші» (Әли Имран, 2).
Бұл аяттың мағынасы жалғыз Аллаһ қана құлшылық етуге лайықты құдай екендігінде. Бұл сөз құлшылық жасалатын кез келген өзге шынайы құдайдың болуын жоққа шығарады. «Иллә-Ллаһ» («Аллаһтан басқа») сөзі Аллаһтың билік құруда теңдестері жоқ болғандығы сияқты, Оған құлшылық етуде де Оның ешбір серігі жоқ дегенді білдіреді. Подробнее

Ханафи ғалымдары таухид (бірқұдайшылық) туралы

Ханафи мазхабының ең ұлы имамдарының бірі — имам Ибн Абиль-‘Изз әл-Ханафи (792 х/ж) былай деген: «Құранның сүрелерінің басым бөлігі бірқұдайшылық түрлерінің мәні туралы айтады, бұдан қалса, бұл туралы оның барлық сүрелері айтады. Подробнее