Имамның өмірі

Имамның салиқалығы және бұл дүниені тәрк етуі туралы

Әл-Мууаффақ әл-Фәйд бин Мухаммад әр-Раккидің былай деп айтқанын жеткізеді: “Куфаға жол жүріп бара жатып, Бағдадта болғанымда, мен сол жерде Абу Ханифамен кездестім. Ол маған: «Хәммадты (Абу Ханифаның баласы) тап та, оған менен: «Сен менің бір айда екі дирхамға сауиқ жейтінімді білесің және оны ұстап отырсың», — дегенімді жеткіз де, оны тездетіп жібер», — деді”. Подробнее

Имамның Аллаһ Тағалаға құлшылық етуі

Хафс бин Абд әр-Рахманның былай дегені жеткізіледі: «Мен Абу Ханифамен отыз жыл бойы іскерлік қатынаста болдым. Ол Құранды әр үш күн сайын оқып бітіретін және күнде садақа беретін».
Әл-Мууаффақ Букайр бин Мә‘руфтың былай деп айтқанын жеткізеді: «Мен Абу Ханифамен оның сапарлары кезінде де, ол қалада болған кезде де ажырамай жүрдім, оның түнде өз үйінде немен айналысатынын көрдім, әрі маған жасырын болып қалған нәрселер аз болды. Мен одан артық ыждағаттылықпен ерекшеленетін адам кездестірмеппін! Ол күндіз ораза ұстайтын, ал түнде намазда тұратын және Құран оқитын. Ол айырықша бойсұнушылықпен ерекшеленетін, ешқашан Аллаһқа мойынсұнудан шықпайтын және адамдарға түсіну қиын болған нәрселерде олардың сауатын ашатын. Аллаһ Тағала оған Өзінің ұлы рахымын нәсіп етсін!» Подробнее

Имамның сыртқы бейнесі және адамгершілік сипаттары

Имам Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, орта бойдан биіктеу, қараторы адам болған. Ол ұнамды және жылы жүзді келбетке ие еді, ұзын сақалы бар болатын, әдемі киім, сәлде және кебістер киетін. Оның дауысы әдемі еді, ол сөзге шешен болатын, хош иістерді жиі пайдаланатын және олардың иістерінен оның келгенін білуге болатын. Ол ерекше арық еді, өйткені оның Аллаһтан қорыққандығынан және ұзақ ғибадаттарынан сүйектерінде май түгілі, ет те қалмауға жақын еді. Подробнее

Абу Ханифаның ең көрнекті шәкірттері

Аллаһ Тағала Өзінің қалауымен Абу Ханифаны, Аллаһ оны рахым етсін, ұлы шәкірттердің болуымен де құрметтеді. Имам олармен бірге фиқһ мәселелерін шешіп, оның негіздерін жасап шығаратын, ал бұл оған қателік жасауға таяу қалған сәттерінде оны жасаудан құтылуға мүмкіндік беретін.
Шейх Абд әл-Қадир әл-Қурашидің «әл-Жәуәхир әл-мудийя» атты кітабында келтірілген Йахйя бин Закарийя бин Абу Зәидтің өмірбаянында Әсад бин әл-Фураттың былай дегені келтіріледі: «Абу Ханифаның жазу жазатын ізбасарларының саны қырық адамға жететін, ал олардың ең танымал ондығының құрамына Абу Йусуф, Зуфар, Дауд әт-Та’и, Әсад бин Амр, Йусуф бин Халид әс-Самти және Йахйа бин Закарийя кіретін». Подробнее